Маңғыстау облысында қауіпті дәрі рецептісіз сатылған
Маңғыстау облысындағы дәріханалардың бірінде әсері күшті препарат дәрігер нұсқамасыз сатылған, деп хабарлайды 24KZ.
Тропикамид – адам өмірі мен денсаулығына аса зиянды, есірткінің әсерін күшейтетін зат. Соның 45 мыңнан астам қаптамасы заңсыз өткізілген.
Прокуратура жүргізген тексерістің нәтижесінде сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді сату, тіпті дәріхананың лицензиясыз қызмет көрсету фактісі анықталды. Кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылып, әкімшілік жауапқа тартылды.