Алматыда 384 қабылдау пункті ашылды

Олардың дені – мектептер мен балабақшалар.

Сонымен қатар жоғары оқу орындары, колледж ғимараттары мен стадиондар. Халық жиналатын орындар туралы барлық деректер Алматының 2ГИС платформасында бар. Іздеу жүйесінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» деп енгізген кезде картада барлық пункт көрсетіледі. Қосымша ақпарат Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің, Төтенше жағдайлар департаменті ресми сайттарында да бар.

Әлішер Әбдіқадыров, Алматы әкімінің орынбасары:

- Сағат 11:50-дегі жағдай бойынша Алматыда жер сілкінісінен зақымданған ғимараттар тіркелген жоқ. Барлық стационарлар, босандыру ұйымдары, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Ал тұрғын үйлер мен қоғамдық орындардың зақымданғаны жайлы ақпарат түссе, комиссия қарауына жіберіліп, тиісті шара қолданылады.