Солтүстікте жылқы қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында жылқы қырылып жатыр.
Бір ғана Уәлиханов ауданы Қайрат селолық округінде 120-ға жуық жылқы аштықтан арам өлген. Ен далада ұшты-күйлі жоғалып кеткені, одан да көп. Бұл туралы ауыл әкімі Ержан Битниев мәлімдеді. Оның айтуынша, ақпанның басында жаңбыр жауып, боран болған. Ауа райының күрт бұзылуынан жылқылар, тебіндей алмай қалған. Қазір елді мекенге, басқа аудандардан көмек ретінде жем-шөп жеткізіліп жатыр. Ал жоғалған үйірлерді іздеуге арнайы техникалар жұмылдырылды.
Ержан Битниев, Қайрат селолық округінің әкімі:
- Өлген жылқының нақты саны қандай?
- 100-ден асты, 120 ма, мөлшері сондай. Көрдіңіз бе, бұл жерде әлі нақты саны белгісіз. Мысалы, жылқым жоқ дейді, конкретно жоқ, бірақ оның білмейді, өлі ме, тірі ме. Бірақ өлгендері 100-ден асты. 120 болып қалды. Ал қаншасы жоқ қазір. 250-дей жылқы жоқ әлі.