Елімізде бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді
Құжат ғимараттардың оңды-солды салынуын тоқтатып, абаттандыру ісіне серпіліс әкелмек.
Бұған дейін құрылысты жинақы әрі тартымды етіп, жайлы қоғамдық кеңістіктерді құру бойынша нұсқаулық әзірленген еді. Алайда, өңірлерде бас жоспардан ауытқып, тұрғын үйлерді тығыз етіп салу фактілері тіркелді. Тіпті кей ықшамауданға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым тартылмаған. Ал жаңа құжат бұл олқылықтың орнын толтырады. Қала құрылысын жоспарлау кезеңінде сәулет-құрылыс нормалары ауытқымай, барлық талаптың сақталуына сеп береді. Осы орайда Үкімет басшысы Олжас Бектенов әкімдіктер қала орталығын ғана абаттандырумен шектелмей, шеткі аумақтарды да, әсемдеуге көңіл бөлу керектігін ескертті. Кей қоғамдық орындарға “қамқорлық жасау” үшін бизнес пен ірі кәсіпорындарды тартуға болады. Ал шағын бизнес, іргелес жатқан аумақты күтіп ұстауды жақсы дәстүрге айналдыруы керек.