Саиров: Ана капиталын жасақтайтын уақыт келді

Қазақстанға ана капиталын жасақтайтын уақыт келді.

Елімізде дүниеге сәби әкелгені үшін берілетін жәрдемақы мөлшері бала санына қарай 140 мың және 232 мың теңгені құрайды. Бірақ бұл анаға емес, бала күтіміне берілетін өтемақы. Мәжілісмен Ерлан Саиров Премьер-министр орынбасары Тамара Дүйсеноваға "Әйел денсаулығын сақтау үшін қандай шаралар қарастырылған?" деген депутаттық сауалын жолдады.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ресейдің ана капиталының сомасы бірінші балаға 639 мың рубль, 3 млн 195 мың теңге, екінші балаға 883 мың рубль, 4,4 млн теңгеге тең. Көп балалы атанған 543 мың әйелдің барлығының басында бар  зор проблема ол тістің түсуі. Қазақстандағы стоматологияның бағасы күйіп тұрғанын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан бірінші кезекте көп балалы аналарға тісін жөндеу үшін бір реттік қаржылық төлем қалыптастыру маңызды.