ҚР ҰҚК: Ресейде Қазақстанның екі азаматы мерт болды
БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды.
Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады. «Көрсетілген факті бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс, Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметімен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.