«Хабар» арнасында «Национальный интерес» жобасы жарыққа шығады
«Хабар» агенттігінде жаңа телевизиялық жоба жарыққа шығады.
«Национальный интерес» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі – белгілі журналист, телевизия майталманы Ерлан Бекхожин. Сұхбатқа еліміздің саяси-қоғамдық өмірінде елеулі орыны бар тұлғалар қатысып, елдік пен пен ұлттық мүдде төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салады. Жоба көпшілікті толғандырып, қоғамда қызу талқыланатын кейбір мәселелерге жауап іздеуде маңызды алаң болмақ. Сұхбатқа қатысушыларды беймәлім қырынан ашу үшін бағдарламада әртүрлі айдарлар болып, өткір сауалдар қойылады. Жобаның алғашқы қонағы Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов. Еліміздің бас банкирімен сұхбатты «Хабар» телеарнасынан бүгін сағат 21:40-та «Жеті күн» бағдарламасынан кейін көре аласыздар.