Даладағы жылқы қыстаққа жеткізіледі
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қырылған жылқы саны 500-ден асты.
Бұл – тек ауылға жақын маңнан табылған өлекселер саны. Шығын бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені құбылмалы күн райының кесірінен өрістегі малына жете алмай жатқандар бар. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы «жылқының шығынын дөп басып айту қиын» дейді. Өлген малдың иелерін анықтау да мүмкін болмай отыр. Себебі, өлексесі табылған 500 бас жылқының ешқайсы тіркелмеген. Дегенмен, көк мұзда тебінгіден қалған жылқыны қыстаққа жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол үшін арнайы штаб құрылып, қажетті техника мен жанар-жағармай бөлінген. Одан бөлек арзандатылған жеп-шөп сатып алуға облыс қазынасынан қосымша қаржы беріледі.
Қайрат Мұтаев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Қазір жемшөпке қосымша субсидия беру мәселесін қалға алдық. Бөлінген 200 млн теңгенің шамамен 80 проценті жылқы малына жөп сатып алуға жұмсалады. Облыста жылқы өсірумен айналысатын 230 дан астам шаруашылық бар. Олар жемшөп субсидиясын бүгін-ертең қолдарына алатын болады.