Алматыда ерекше балаларға арналған орталық ашылды

Алматыда ерекше күтімді қажет ететін балалар мен ата-аналарға арналған ресурстық орталық ашылды.

Бұл жерде түрлі сауықтыру жаттығулары жасалады. Ата-аналарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Өйткені, ерекше күтімді қажет ететін баланы бағу, тәрбиелеу әке-шешесі үшін үлкен жауапкершілік. Статистика бойынша қалада мүгедек азаматтар саны 52 мыңнан асады. Солардың барлығына дерлік арнайы ем қажет. Ашылған орталық айына 25 адамға дейін қабылдай алады.

Рауан Сағадиева, ерекше баласы бар ата-аналар одағының жетекшісі:

- Қазіргі таңда оннан астам отбасы бар. Оның жартысы қиын жағдайдағы отбасылар, жалғызбасты аналар, бір отбасыда бір емес бірнеше мүгедектігі бар балалар. Оларға тегін көмек көрсетіледі. Оның ішіне көпбалалы отбасыларға да. Қалғандарына біз 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен қызмет көрсетеміз.