Петропавлда жеті шағын ауданды су басу қаупі бар

Петропавлда 7 шағын ауданды су басу қаупі бар.

Қазір бұл аймақтарда қар шығарылып, суағарларды тазартып жатыр. Көктемгі тасқынның алдын алу шараларына 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінгі күнге дейін коммуналдық қызмет мамандары қала бойынша 900 мың текше метр қар шығарды. Тұрғындарға еріген қар суымен қатар Есіл өзені де қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, облыс орталығында 120-ға жуық жер үй су астында қалуы мүмкін.

Әсем Айтулова, қала әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Жалпы қала бойынша бізде 228 шақырым суағар бар. Оның 109-ы ашық түрдегі суағарлар. Соларды бүгінгі таңда тазартып жатыр. Осы уақытқа дейін жұмыстардың 75 пайызы орындалды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.