Заңсыз есірткі айналымы. Графика

Елімізде жыл сайын 20-25 тонна есірткі заңсыз айналымда болады.

Бұл – ресми статистика. Соның 95%-ы каннабистік топтағы есірткі, яғни, марихуана, гашиш. 5%-ы синтетика болса, 1%-ға жуығы опий, героин және есірткінің өзге түрлері. Бүгінде синтетикалық есірткінің 300 түрі мен оған ұқсас мыңға жуық қауіпті баламасы бар. Осы аталған улы заттарды тұтынудан психикалық мінез-құлқы бұзылған 100 мыңға жуық адам қазір есепте тұр. Бұл ресми дерек. Сорақысы сол, науқастардың 6%-ға жуығы 18 бен 29 жас аралығындағылар. Мамандар синтетикалық есірткінің 14 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер арасында таралуына айрықша алаңдап отыр.