Көрісу күні Бельгиядағы Қазақстан Елшілігінде тойланды
Көрісу күні Бельгиядағы Қазақстан Елшілігінде де тойланды, деп хабарлайды 24KZ.
Мерекелік шараға осы елдегі қазақ диаспорасы мен шетел дипломаттары қатысты. Бельгиядағы тілшіміз Жанат Эрнст жалғастырсын.
Жанат Эрнст, тілші
- Бельгиядағы Қазақстан Елшілігінде ежелден келе жатқан Наурыз мейрамының бастауы – Көрісу күні тойланып жатыр. Осы жақта тұратын жерлестерімізбен өзге елдің елшілік өкілдері бір шаңырақ астында бас қосып, бір-бірін мерекемен құттықтап жатыр.
Қонақтарға мол дастарқан жайылып, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілді. Жиналған жұрт адамдардың бірі-біріне жақсылық тілеп, қауышатын Көрісу күні жайлы жақынырақ танып білді. Абай әндерін тыңдап, домбыраның күбірлеген дауысын естіді.
Эмира бен Шериф, шараға қатысушы:
- Мен – алжирлікпін. Бүгін Қазақ елімен танысқаныма қуаныштымын. Киіз үйдің безендірілуі ерекше, сандықтары алжирдегідей, дөңгелек үстел де біздегідей. Ал Рамазан айында бір-бірімізбен кездесуге керемет мүмкіншілік болды. Қазақстанға бейбітшілік пен бақыт тілеймін!
Қонақтарт кең шаңырақ астында бауырсақ, жент, қымыз, наурыз көже сияқты қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Жиналғандар мерекелік шара барысында Қазақстан туралы көптеген жаңа қызықты мағлұмат алғандарын айтып, алғыстарын жеткізді.
Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов.