ШҚО-да балық аулау ережесі бұзылды
Шығыс Қазақстан облысында 1 балықшы балық аулау ережесін бұзды. Сәйкесінше әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мұны облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары рейд жүргізу барысында анықтаған. Сондай-ақ мамандар 600-ден астам мұз үстіндегі профилактикалық шара өткізген. Су айдындарында 64 ескерту мен тыйым салу белгілерін орнатты. Төтеншеліктер тұрғындардан мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Қуатбек Кенжебекұлы, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
- Көктем уақыты келуімен күн жылуы әсерінен мұз қалыңдығы жұқарады. Қазіргі уақытта, негізгі көктем кезінде мұздың бетіне шықпас бұрын мұзды тексеріп алып, қауіпсіздік ережелерін сақтап, мұздың бетіне шықпауларыңызды сұраймыз.