Д. Сейітқалиев: 400 мыңға жуық азамат лудоманияға байланған
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер ел болашағының жарқын болуына жол ашады. Вандализм мен буллингке қарсы шараларды күшейту туралы бастама атыраулық жастардың көңілінен шықты.
Енді оған қоғам болып үн қосуымыз керек, – дейді олар.
Дәурен Сейітқалиев, «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
- Жастардың қазіргі дертінің бірі – лудомания. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 400 мыңға жуық азамат осы лудоманияға байланған. Соларға қоғам болып, бәріміз егер айналамызда көрсек, сондай бір қызығушылығы бар жастарды, азаматтарды көрсек, мейлінше оған көмектесуге тырысайық деген ұсыныс болды. Қоғам болып атсалысу. Себебі ол псхологиялық ауру болғаннан кейін оған емді жан-жақты қарау керек.