Парламентаризм институтының дамуы

Биліктің заң шығарушы тармағы: трансформация және жаңа бағдар.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртудағы елдегі парламентаризмнің болашағы мен даму бағдары талқыланды. Сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын сақтауды құқықтық қамтамасыз етудегі өкілетті органдардың рөлі қаузалды. Жалпы, 2022 жылғы Конституциялық реформа Парламентпен бірге елдегі азаматтық қоғам институттардың ықпалын күшейтуге, жаңа демократиялық стандарттарды қалыптастыруға бағытталды. Дөңгелек үстелге қатысушыларлың ойы осыған саяды.  Іс-шараға Парламент депутаттары, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ғылыми қауымдастық, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Нұрбек Пұсырманов, мемлекет тарихы институтының директоры:

- Жақында өткен үшінші құрылтайда заң мен тәртіп құндылығы көтерілді. Осының аясында бүгінгі жиын маңызды. Өйткені соңғы конституциялық өзгерістерге сәйкес елімізде Парламент және Мәжіліс сайлауы өткен болатын. Сондықтан осы күн парламент институтының қайта бір өткеніне қарап, сайлау жүйесін зщаң шығарушы органның дамуындағы мәселелерді ортаға салып талқылап жатырмыз.