Е. Жаңбыршин: Батырларымыздың деректерін цифрландыру керек

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қайта жаңғырту қажет.

Мәжілісте Еділ Жаңбыршин Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс жасады. Отты жылдардағы батырларымыздың деректерін цифрландырып, арнайы Ұлттық портал жасау керек, – деді ол. Бұл жұмыстарға көпжылдық тәжірибесі бар қоғамдық ұйымдарды тартып, жобаларды қаржыландыру керек.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірінші кезекте біз Мәжіліс депутаттары осы тың идеяға арнайы тоқталуды жөн көрдік және аталған ұсынысты заңды түрде бекітуіміз қажет. Бұл шешімді тез арада алдағы Отан қорғаушылар күніне дейін қабылдап, алғашқы сарбаздарымызды еліміздің біртуар перзенттерінің атындағы мәртебелі ордендермен марапаттауымыз керек. Бүгінгі біздің депутаттық сауалымыз – Құрылтайда көтерілген мәселелерді Үкіметке ресми мінберден арнайы жолдау.