Наурыз мейрамы елорданың орталық саябағында кең ауқымда тойланды
Наурыз мейрамы елорданың орталық саябағында кең көлемде тойланды.
Жиналған көпшілікті батырлар мен тазылар қарсы алды. Сән-салтанаты жарасқан киіз үйлер есігін айқара ашты. Ал 18 ғасырдан бері келе жатқан қазанда әзірленген хан сорпасы қала тұрғындары мен қонақтарға тосын сый болғандай.
Елордадағы орталық саябаққа ерекше жан біткендей. Күн сәулесі күлімдеп тұр. Жиналған қауымның көңілі шат. Себебі мұнда алғаш рет Наурыз мерекесі тойланып жатыр.
Мерекенің сәні наурыз көже дейміз. Алайда, хан сорпасын аңсап ішетіндер де көп екен. Оның 1775 жылдан бері келе жатқан қазанда әзірленуі сусын дәмін түрлендіре түскені анық.
Жұмағали Арыстан, кәсіпкер:
- Немеремді үш жастан, қарашаңыраққа апарып үйретіп жатырмын. Қарашаңырақ осы балам, қазан сенікі болады. 7 ұрпаққа жеткізу керек осы проектті.
Жиналған жұртшылық ұлттық тағамдардан бөлек Тәжікстан мен Иран елшілігі ұсынған киіз үйден дәм татып, дәстүріне қанықты. Ал ашық аспан астында пісірілген 1000 тонна палау мереке ауанын одан сайын қыздыра түсті.
Ернар Мырзахан, Астана қ. Нұра ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:
- Қала тұрғындары мен қонақтары үшін палау фестиваліне арнайы Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сынды мемлекеттердің аспаздары келіп, өздерінің өнімдерін сатып, дайындауда бүгін. Одан бөлек қолөнершілердің жәрмеңкесі, 7 қазынаның бірі тазы иттері, бүркіт, аниматор батырлар, айтыскерлер және т.б. қала тұрғындарымен наурыз мейрамын тойлауда.
Наурыз мейрамы халықаралық көрме орталығында да тойланып жатыр. Көпшілікті үлкен мерекелік жәрмеңке, концерттік бағдарлама және жарқын декорациялы көшпелі өркениеттер көрмесі күтеді. Іс-шара 23 наурызға дейін жалғасады.
Мерей Мұратханқызы, Ержан Рахманберді