Қарағандыда жылу құбырындағы апат салдары жойылды

Қарағанды қаласының жылу құбырында болған ірі апат қалпына келтірілді.

Кеше кешке Абай мен Гоголь көшелерінің қиылысында құбыр желісі жарылған болатын. Апат салдарынан 10 көшенің бойындағы тұрғын үйлер жылумен жабдықтаудың төмен режиміне көшірілді. Жөндеу бригадалары түнімен жұмыс істеп, таң атқанға дейін ақауды жойды. Жылу беруші компанияның мәліметінше, дәл қазір жөндеу жұмыстары аяқталып, коммуналдық қызметкерлер жылу желілерін іске қосуға кірісті. Мамандардың мәліметінше, қала тұрғындарының пәтерлеріндегі температуралық режим 3 сағат ішінде қалпына келтіріледі.