Көкшетауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Көкшетауда жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 200-ден астам болашақ жас маман қатысты.
Әсіресе өңірде техникалық мамандарға сұраныс жоғары. Атап айтқанда, инженер, дәнекерлеуші, электрик сынды кәсіп иелері жетіспейді. Ал аталған мамандық түрлерін оқуға жастардың құлшынысы аз.
Жалпы шараға елуге жуық жергілікті кәсіпорын өкілі қатысып, жастарға түрлі саладағы жұмыстар ұсынды. Болашақ мамандар оның талаптарымен танысып, кейбірі түйіндемелерін тапсырды.
Айталық, жыл басынан бері осындай шаралар нәтижесінде жүзге жуық жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан.
Ерлан Мырзағалиев, Кірпіш зауытының цех басшысы:
- Электриктер керек бізге, жұмысшылар керек. Біздің зауытымыз үлкен ғой. Жаңа Қазақстанды – жаңа кірпішпен қалайық. Жаңа жастармен қалайық. Біздің есігіміз ашық. Өзіміз үйретеміз, көрсетеміз. Қазір бізде бәрі заманауи.
Мақпал Жанарысова, Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
- Бұл жәрмеңке осымен аяқталмайды. Яғни біз мұнда келген жастарға барынша жұмыс тауып беруге тырысамыз. Осындағы кәсіпорындармен келісе алмаса, басқа зауыт, фабрикаларды шақырамыз.