Ақтөбе облысында Ш.Берсиев атындағы ауыл халқы көшіріліп жатыр
Ақтөбе облысында Шығанақ Берсиев ауылы тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жалғасып жатыр.
Бұған дейін гуманитарлық жүк жеткізген төрт тікұшақ елді мекеннің кіреберіс жолына қонған. Құтқарушылар мектепте орналасқан тұрғындарды әуе көліктеріне қайықпен жеткізіп, Ойыл ауданының орталығына орналастырып жатыр. Бұл үшін спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде жасақталды. Азық-түлік, төсек-орын, гигиеналық заттар қоры бар. Сонымен қатар аудандық аурухананың барлық қызметкері көмек көрсетуге дайын. Ақтөбеден де қосымша дәрігерлер жеткізілді.