Қараой ауылы іргесіндегі көлдің деңгейі қалыпты
Алматы облысы, Іле ауданының Қараой ауылы іргесіндегі көлдің деңгейі қалыпты, деп хабарлайды 24KZ.
Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Шлюздердің бәрі ашық. Ворошилов қоймасынан келген су «Амангелді 1», «Амангелді 2» тоғандары арқылы Қаскелең өзеніне іркіліссіз ағып жатыр. Ары қарай Қапшағайға құяды, – дейді жауаптылар. Қараой ауылында кешеден бері бөгетті нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Байкент және Қараой ауылдарындағы үйлерге су кірген жоқ. 1910 жылы салынған Ворошилов су қоймасының бөгеті 2017 жылы 49 жылға сенімгерлік басқаруға берілген.
Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:
- «Амангелді 2 және 1» қалпына келді. Қазір енді трассаның арғы жағындағы жиналған су осы жерден ағады. 2-3 сағатта ол ағып бітіп, өз қалпына келеді. Жалпы мынау су өз қоймасынан шықпаған. Жағдай тұрақты қазір. Ешқандай бір қауіп төніп тұрған жоқ.
Ерсін Жағыпаров, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
- Қазіргі уақытта осы төтенше жағдайлардың алдын алуға 565 адам, 83 техника, өздеріңіз көріп отырғандай, арнайы 6 мотопомпа жұмылдырылған. Сонымен қатар көлдің жағалауына инертті материалдарды қаптап, бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр