Арқалыққа 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Арқалық қаласы маңайындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 20 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды 24KZ.
Азық-түлік, гигиеналық заттар мен жылу пештері тиелген 3 жүк көлігі жолға шықты. Сонымен қатар алдын алу жұмыстарына көмек көрсету үшін су тасыған аймаққа бір топ ерікті аттанды.
Бақдәулет Жанділдаев, Қазақстан жастары конгресінің басшысы:
- Елорда тұрғындары, қол ұшын созам деген жандардан меценаттардан, демеушілерден жиналған гуманитарлық көмек Арқалық қаласының маңында су басқан ауылдарға жеткізілетін болады. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жасайтын боламыз. Басқа да су басқан аймақтарға көмек жөнелтілетін болады. БҚО, Ақтөбе және Қостанай облысына жеткізіп беріп отыратын боламыз.
Әбуов Сәулет, ерікті:
- 3 жүк көлігіне 30-40 жуық ерікті көмек көрсетті. Алдағы уақытта тағы да керекті гуманитарлық көмекті жинау кезінде басқа да еріктілер көмектеседі. Бір топ ерікті бірге барамыз деп отырмыз.