Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындады
Кәсіпкер Қайрат Сатыбалды кінәсін толығымен мойындады.
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ол, айыптау актісіндегі сомалармен келісіп, дәлелдерге қарсы шыққан жоқ.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, кәсіпкер заңсыз жолмен тапқан ақшаға шетелден мүлік сатып алып, қалғанын есепшотына салып қойған.
Сот отырысында айыпталушы шығынды өтеуге келісті. Осыған байланысты Судья, процестік келісім жасау мәселесін шешу үшін, отырысты кейінге қалдырды.
Еске салсақ, қазір Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтеп жатыр. Бұған дейін оның мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған болатын.