110 мың тонна азық-түлік қоймада сақтаулы
Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік тауарларына су тасқынынан зиян келген жоқ.
Қазір апатты аймақтарда 63 мың тонна азық қоры бар. Ал елдегі қоймаларда жалпы 110 мың тонна азық-түлік сақталған.
Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин облыс әкімдерінің есебін тыңдап, қар суынан зардап шеккен аудандарда дүкендер мен сауда орындарының жұмысын қалпына келтіріп, азық-түлік қорын сақтауды тапсырды.