Қазақстандықтар дрондарын тіркеуге міндеттеледі
Қазақстандықтар ұшқышсыз ұшатын аппараттарын тіркеуге міндеттеледі.
Бұл туралы еліміздің авиациялық әкімшілігі хабарлады. Ондай құрылғылар санатына кез келген салмақтағы камерасы бар барлық дрон кіреді. Тіркелмеген аппаратты әуеде қолданғандар жауапқа тартылады. Яғни, жеке тұлғалар 10 айлық есептік көрсеткіш не 36 920 теңге айыппұл төлейді. Ал лауазымды тұлғалар үшін бұл сома екі еселенеді.
Владимир Кошманов, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ департамент директоры:
- Елорда аумағында тіркелмеген, рұқсаты жоқ ұшқышсыз аппараттардың ұшуын болдырмау үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Ондай құрылғылардың саны артып келеді. Сондықтан мемлекеттік органдар азаматтарға дрондарды қалай қолдану керектігін түсіндірудің барлық амалын жасап жатыр. Қажетті ақпаратты «Дрон Казахстан» telegram каналынан алуға болады.