Бишімбаев ісі. Бүгін ол сол түні не болғанын айтты. LIVE
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр.
Дүйсенбі күні айыпталушыдан жауап алынған болатын. Онда Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын, арадағы қатынасы қандай болғандығын 3 сағатқа жуық айтып берген еді.
Ал бүгін экс-министр қаралы түн болған 8 қарашадағы оқиғаны баяндады. Қандай тың деректер айтылды? Ол жөнінде қазір бізге тікелей байланысқа шыққан әріптесім Риат Шони айтып беретін болады.