ҚХА волентерлері гуманитарлық көмек жолдады
Астаналық волонтерлер Қарағанды мен Ақмола облысына гуманитарлық көмек жолдады.
Үш жүк көлігіне азық-түлік пен киім, жеке тазалық бұйымдары мен төсек-жамылғылары тиелген. Қайырымдылық шарасы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған. Бұдан бөлек тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға 30 млн теңге қаржы жиналды. Бүгін Ассамблея жанынан құрылған штаб жұмысын бастады. Көмек ұсынам деген жандарды еліміздің барлық өңіріндегі Достық үйлері қабылдайды.
Ақмаржан Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- 34 Достық үйі бар Қазақстан бойынша. Барлығында қазір осындай жиналып жатқан заттарды зардап шеккен орындарға біздер қазір жеткізіп жатырмыз. Соның ішінде бұл екі апта бұрын басталған жалпы. Азық түлік бар. Ең керек заттар ғой халыққа қазіргі ең қиын кез болып тұрғаннан кейін Әрекет етіп жатырмыз. Әрбір өңірге не керек, қандай заттар керек екенін біз нақты біліп, сонымен жұмыс жасап жатырмыз.