Құлсарыға әскери бөлім сарбаздары көмекке келді

Ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 99-116 әскери бөлімінің сарбаздары Құлсары қаласына көмекке барды.

Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа әскери бөлімнің 15 офицері, 27 сержанты мен 116 сарбазы аттанды. Қазіргі уақытта жеке құрам тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына атсалысып, гуманирлық көмекті жеткізуге қатысуда. Сондай-ақ, әскери бөлімнің қызметкерлерімен топырақ толтырылған мыңнан астам қаптар дайындалып, бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізілуде.