Қостанай қаласында төтенше жағдай жарияланды
Тобыл өзенінің су деңгейі көтерілуіне байланысты Қостанай қаласында төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы арнайы бривингте Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Тобыл өзенінің маңаындағы үйлерден халықты эвакуациялау жалғасып жатыр. Мамандар халықты сабыр сақтап, қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне хабарласуға шақырады.
Асылбек Садуов, Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- 4 мыңнан астам адам құтқарылды. Жалпы жеке құрам және волонтер. Сырттан келген Қызылорда, Қарағанды жалпы саны 2 мыңнан астам адам қызмет жасауда. 372 техника қызмет көрсетуде. Қостанай облысы бойынша және Қостанай қаласы бойынша жағдай тұрақты күрделі деп айтуға болады.