Шаған өзеніндегі бөгет биіктетіліп жатыр
Табиғи апатпен күресте Ұлттық ұлан сарбаздары да аянып жатқан жоқ.
Оралдағы 5517 әскери бөлімінің 100-ге жуық қызметкері екі апта бойы ағын сумен арпалысып жүр. Олар бұған дейін Самал 3 ықшам ауданында, Зашаған, Асан ауылдарында тасқынға тосқын қойса, қазір Шаған өзені жағалауындағы бөгетті биіктетіп жатыр. Бүгін Жайық деңгейі Орал қаласының тұсында 694 сантиметрге жетті. Жайық көтерілген сайын Шағанның суы кері лықсып, арнасынан асып кету қаупі бар.
Нұрлыбек Шүкіров, 5517 әскери бөлімінің взвод командирі:
- Төтенше жағдай, апаттар болған жағдайда біздің басты міндетіміз болғасын жауынгерлер өз күштерін, көмектерін береді. Ел деген жақсы жағынан қарайды. Өздерінің қолдан келген көмектерін, түскі ас болсын, құрал-жабдықтар жағынан бізге қол ұшын тигізеді.