Елде 80 мектеп қашықтан оқыту форматына көшті
Қазір елде қалыптасқан жағдайға байланысты 80 мектеп қашықтан оқыту форматына көшкен.
Оның ішінде 55 білім ұясы эвакуациялық пункт ретінде жұмыс істеп тұр. Бұл мектептердегі балалардың саны 7 мыңнан асады. Бұл жөнінде бүгін оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, оқушылар барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ал интернеті нашар елді мекендерді қазір старлинк жүйесін қосу жұмысы жүргізілуде. Ал министрдің тапсырмасы бойынша 6-шы сәуірден бастап 11 сауықтыру орталықтары су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың балаларын қабылдауға кіріскен. Онда оқу процестері қатар ұйымдастырылады. Жалпы қазір эвакуациялық пункттерде балалар мен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін 300-ден астам мектеп психологтары жұмылдырылған екен.
Мереке Нұрмұханов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі:
- Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам білім саласының қызметкері волонтерлар қатарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда. Оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда. Осы орайда ұстаздар мен барлық білім беру қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.