ТЖМ: Бүгінге дейін 3700-ден астам үй су астында қалды

Су тасқынына байланысты 65 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ондағы жағдай бақылауда деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Тасқын басталғалы бері елде 76 мыңға жуық адам құтқарылды, оның 18 мыңы бала. Соның ішінде 7 мың адам уақытша орналастыру орындарына жіберілді.

Тілсіз жау төнген аймақтарда 69 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалды. Аймақтарға 126 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Мамандардың хабарлауынша, 7 млн текше метрден астам су сорылған. Тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарына 16 мың адам жұмылдырлған.

Ерасыл Сайпаш, ҚР ТЖМ комитетінің аға офицері;

- Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, ШҚО, СҚО және Павлодар облыстарында 3745 жеке тұрғын үй, 421 аула аймағы су асқтында қалды. Су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір мен 101 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда.