ТЖ аймақтарында АӘК автоматты түрде ұзартылады

Төтенше жағдайлар режимі жарияланған аймақтардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға бұл төлемді тағайындау автоматты түрде ұзартылады.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл заңға қажетті өзгерістер енгізуде. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың I тоқсанында 59 мыңға жуық отбасыға 7,8 млрд теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек берілді.