Димаш Құдайберген Ақтөбедегі волонтерлер штабына барды
Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.
«ҚазАқпарат» агенттігінің мәліметінше, өнер иесі қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударды. Әнші Ақтөбедегі «Анаға тағзым» орталығында болып, халыққа гуманитарлық көмек жинаумен айналысып жатқан волонтерлерге алғысын білдірді. Жалпы, аймақта су тасқыны басталғаннан бері 8600 волонтер тәулік бойы жұмыс істеуде. Қазіргі таңда 170 тонна азық-түлік және 50 тонна тауар су тасқынынан зардап шеккен аудандарға таратылды. Қамкөңіл жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылған әнші еліміздің қиын сәтте бірлігі мен ынтымағын таныта білгенін айтты. «Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын», - деді әнші.