Атбасардағы Жабай өзенінің деңгейі 4,5 метрге жетті. LIVE

Атбасар қаласында да Жабай өзені көтеріліп, ернеуінен асты. Қазір су деңгейі 4,5 метрге жетті.

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Иә, дәл қазір біз Атбасардағы Жабай өзенінің жағасында тұрмыз. Мұндағы су деңгейі күн санап көтеріліп келеді. Жергілікті төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше, Жабайдағы судың қалыпты деңгейі – 4,45 метр.

Бірақ бүгін өзеннің ол нормадан асып, 4,5 мертге жеткені анықталды. Бұл, әрине, осы маңдағы жер үйлерге қауіп төндіреді. Соңғы тәулікте аудан орталығынан 123 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 29 бала мен 10-нан астам зейнеткер бар. Олардың барлығы эвакуациялық пунктерге орналастырылды.

Қазір Атбасардағы тасқынның алдын алуға 40-қа жуық техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылған. Олардың қатарында жергілікті құтқарушылармен қатар Жамбыл облысынан келген мамандар, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары және Ұлттық ұланның әскери қызметкерлі тартылған.

Айталық, соңғы тәулікте аудан орталығынан 72 мың текше метр су сорылып, 1 мың қап инертті материал дайындалды. Бүгін Жабайдағы жағдайды бағамдауға Мәжіліс депутаттары келеді деп күтіліп отыр.