Қазақстандықтардың көбі дәстүрлі құндылықтарды құптайды

Ел тұрғындарының жартысынан көбі дәстүрлі құндылықтарды құптайды.

Бұл туралы бүгін Ұлттық академиялық кітапханада өткен дөңгелек үстел барысында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметкерлері айтты. Сарапшылардың сөзінше, олар 8 мың респонденттен сұхбат алған. Олардың 75%-і – дәстүрді ұстанатындар және патриоттар. Ал қалған 25%-і жас ұрпақ өкілдері материалдық құндылықтарды ұстанады. Олар үшін мансаптық өсу маңызды. Ұлттық құрылтайда айтылған мәселе бойынша мамандар бүгін бас қосып, этносаралық өзара іс-қимылды нығайтудағы жастар мен оқу орындарының рөлін талқылады.

Талғат Қали, Ұлттық құрылтай мүшесі:

- Қазақта обал деген бір құндылық бар еді. Өте маңызды. Обалды тек қана біреуге қиянат жасау ма, оның үстіне бостан босқа ақшаны шашу деген ол да  – обал. Мысалы, дүниені шашу деген, керексіз дүниені алу деген ол да – обал. Соның бәрін көтеру керекпіз деп ойлаймын.