Жабай өзені 5 метрге дейін көтерілді
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Барлығына тиісті көмек көрсетіледі. Атбасар қаласына арнайы барған Мәжіліс депутаттары осылай дейді.
Қазір аудан орталығында жағдай күрделі. Жабай өзені сағат сайын көтеріліп келеді, су деңгейі 5 метрге жетті. Аудан ортылығы мен Максимовка ауылының арасындағы тасжолды су шайып, көлік қозғалысы шектелді. Атбасардағы ахуалды көрген депутаттар әрі қарай Есіл және Жарқайың аудандарына барады.
Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Су тасқыны әр аймақта әртүрлі, мысалға. Кейбір жерде 50 жылда бір қайталанып жатыр. Дәл осы Атбасарда 6-7 жыл бұрын болған екен. Бұл жағдай қайта-қайта қайталана бере ме? Бұдан Үкімет пен жергілікті билік сабақ алу керек. Мүмкін дамба немесе су жинайтын орын салу керек. 20 су қоймасы салынады деген екен, 2014 жылы жаңалықтан шыққан. Бірақ жасалмаған. Міне, 10 жыл өтті, әлі сол 20 қойманы салу керек, салу керек деп жүрміз.