Мамандар: Бұқтырма су қоймасынан қауіп жоқ
Еліміздегі ең ірі Бұқтырма су қоймасы 60%-ке толып тұр.
Сондықтан одан әзір қауіп жоқ, – дейді мамандар. Ал Өскемен су электр станциясының қуаттылығы бұрынан 90-100%-тік межеге жететін. Бұл нысан – Бұқтырма су қоймасының реттегіші. Гидротехникалық құрылғы бір тәулікте суды жинап, дәл сондай уақыт ішінде қайта босата алады. Қазір мұнда секундына 270 текше метр су келіп, 350 текше метр су шығып жатыр.
Айта кету керек, өңірде қазір жауын-шашын басталды. Әрі тау биігінде қар қалың. Дегенмен жан-жақтан келетін суды қабылдауға Бұқтырма қоймасының қуаты жетеді, – дейді мамандар.
Ернар Мәдиев, «Ертіс» бассейн инспекциясы РММ басшысының орынбасары
- Қазгидрометтің болжамы бойынша 14 миллион куб метр су келеді деген, бізде 19 да 7. Сондықтан ол қабылдай алады. Ол тек 14 миллион келіп қана қоймайды, оған қоса ағатын су бар ғой, қаншама су ағады, ол жағынан ешқандай қорқыныш жоқ, қауіп жоқ.