Елге көмек – еріктінің мақсаты

Батыс Қазақстан облысын Жайық суының сәт санап көтерілуі алаңдатып отыр.

Бүгінге дейін 250 тоннадан астам көмек келген. Мұның ішінде киім-кешек, ас-ауқат және қажетті құралдар бар.

Сонымен қатар, Қырғызстаннан 80, Алматы облысынан 134, Алматы қаласынан 10, Астанадан 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұлар арнайы сұрыпталып, тізім жасалып, судан зардап шеккендерге таратылады. Зардап шеккен тұрғындар үшін арнайы штаб құрылған. 2500-ден аса ерікті жұмылдырылған. 

Аслан Тәпішов, БҚО азаматтық альянс президенті:

- 25000 волонтермен бастап едік, күнделікті аудандарымыздан жастарымыз келіп, манағы гуманитарлық көмекті қабылдап алуға волонтерлеріміз жұмыстанып, төтенше жағдай қызметкерлері бар және әскерилеріміз бар, бәрі жұмылып осы жұмыстарды атқарып жатыр қазіргі таңда.