Бишімбаев ісі: Байжанов не деді?
Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін күдікті Бақытжан Байжановтан жауап алынды.
Ол сол күні көрген-білгенін баяндап, оқиғаның қалай өрбігенін айтты.
Айыпталушы, алдымен, қазаға қайғыра көңіл айтып, марқұмның және өзінің жақындарынан кешірім сұрады.
Сондай-ақ оқиға болған күні Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын сезбедім, жағдайдың күрделі екенінен бейхабар болдым деп сендірді.
Одан бөлек, бейнекамералардағы жазбаны өшіру туралы Бишімбаевтың бұйрығын орындағанын жеткізіп, қауіпті сезген бойда таныс дәрігеріне хабарласқанын айтты. Ал ол жедел жәрдем шақыруды ұсыныпты. Алайда бұған Қуандық Бишімбаев қарсы болған көрінеді.
Айта кетейік, күдікті Байжановқа аса ауыр қылмысты жасырды әрі оны хабарламады деген айып тағылып отыр. Сот жалғасып жатыр.