Петропавлдағы Заречный кентінен 500 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Ернеуінен шыққан Есіл өзені қала шетіндегі елді мекенді басып қалуы мүмкін.
Осыған байланысты облыс орталығында бөгеттер нығайтылып, алдын алу шаралары күшейтілді. Қазір еңбек ұжымдары, еріктілер, студенттер мен қарапайым тұрғындар қапқа құм салып төсеп жатыр. Олардың қатарына Астанадан келген Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев та қосылды. Ол қаладағы қауіпті аудандарды аралап, тұрғындарды бір болуға шақырды.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2-3 күн осында боламыз. Басқа әріптестеріміз Батыс Қазақстанда, Ақтөбеде, Атырауда, Павлодарда, Көкшетауда жүр. Осы қауіп – қатерді бәріміз бірге көтеуіміз керек дейміз. Сөзбен ғана емес мына қолмен де, іспен де соны іске асырып жатырмыз.