Бас мүфти Жылыой ауданына барды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жылыой ауданына барды.
Бас мүфти қиын жағдайға тап болған құлсарылықтарға көңіл айтты. Тасқын басталғалы бөгет салып, жаға бекітіп жатқан тұрғындармен кездесті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан ауданға гуманитарлық көмек жетті. Тұрғындарға 10 тоннадан аса азық-түлік үлестіріледі.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:
- Қиын кезде елмен біргеміз атты қайырымдылық жобалары, қайырымдылық керуенін ұйымдастырып, қазіргі таңда 100 тоннадан артық біздер азық-түлік пенен әр су тасқыны болған өңірлерге көмектерді жіберіп жатырмыз. Әрбір қиындықтың артында жақсылығы сыйы болады, дейді. Бұл да бір сынақ қой. Арты жақсылықпен ұлассын деп тілейміз.