Журналистер тазалық акциясына атсалысты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясына шымкенттік журналистер де өз үлесін қосты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Дендросаябақ» аумағына қаратал көшетін егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Олардың айтуынша қоршаған ортаны таза ұстау - ортақ міндет. Шымкенттің жасыл қала статусын сақтап қалу мақсатында биыл 120 мың түп көшет егу жоспарланған.
Бақтияр Тайжан, журналист:
- Журналистер бүгін ауызбіршілікпен тал егіп, қаланың көркеюіне үлкен үлес қосып жатыр. Құдай қаласа Шымкенттің аты жасыл қала ғой. Жасыл қала – шым қала деп айтады. Міне, ол шым қала болуы үшін үнемі осылай жасыл дарақтар егіліп тұруы керек.