Жамбыл облысынан шыққан гуманитарлық көмек Атбасарға жетті
Жамбыл облысынан шыққан гуманитарлық көмек Атбасар қаласына жетті. Азық-түлік, күнделікті қажетті гигиеналық және тұрмыстық заттар екі көлікке тиелді, деп хабарлайды 24KZ.
Жүктің жалпы салмағы – 20 тонна. Сондай-ақ Көкшетау қаласынан да жиналған жылу жеткізілді. Игі іске жергілікті бизнес өкілдері мен қарапайым тұрғындар да атсалысып жатыр. Ал келген заттар арнайы дайындалған қоймаларға түсіріледі. Осы жерден еріктілер оны мұқтаждарға бөліп береді.
Кәмшат Ғәділқызы, ерікті:
- Бұл көмектер ертең үйлерінен толық су кеткеннен кейін үйдегі отбасы мүшелерінің санына байланысты аудындық жергілікті билік өкілдері, қоғам белсенділері және еріктілермен арнайы комиссия құрылады. Содан кейін ғана осы көмек халыққа таратылады.