Өскеменнен бір күнде 50-ден аса қоқыс үйіндісі шығарылды

Бұл жұмыстарға коммуналдық мекеме мамандарымен қатар 52 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды 24KZ.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына білек сыбана кіріскен мамандар: «екі апта ішінде шаҺар аумағын тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартамыз», – деп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысына ғарыштық мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 20 футбол алаңымен шамалас 200-ден аса қоқыс үйіндісі анықталды. Көрсетілген аумақты мекеме жұмысшылары тазалап, қалыпқа келтірді. Қазіргі таңда Өскемен өңірдегі ең лас әкімшілік аумақ болып тұр.

Коммуналдық кәсіпорынның шебері:

- Қаладан тұрмыстық қалдық өте көп шығады. Тұрғындар оны қай жерге болса да, үйе береді. Соның нәтижесінде мынандай көрініс пайда болады. Бір сағатта 3 көлік қоқыс тиедік. Оны қала сыртындағы арнайы орынға апарып төгеміз.