Петропавлда тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр
Петропавл мен қала іргесіндегі елді мекендер тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Құтқарушылардың айтуынша, халық әлі де тасқынға немқұрайлы қарап, қауіпті аймақтарға өздігінен өтіп кетіп жатыр. Қорғаныс бөгетін бұзып өткен су 3 шағынауданға жайылған. Есіл арнасынан асып, су деңгейі артып келеді. Қазір 910 үй су астында қалған.
Мұрат Қанғожынов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Үйдің шатырынан алкогольді ішімдік тұтынған адам құтқарылды. Өзінің айтуынша, тасқын су келгенде ағайынды 2 жігіт қалың ұйқыда болған. Содан дереу ағамды оята бастадым. Бірақ ол тұрмады, – дейді. Қазір бауырының қайда екені білмейтінін айтады.
Серік Мұхамедиев, қала әкімі:
- Біз 2017 жылғы деңгейден 1,5 метрдей артық су көтерілгенін көрдік. Сол есеп бойынша бөгет салдық. Бірақ ол ойламаған жерден бұзылды. Біріншіден, мұз, екіншідін, бөгет мол суға бөгет шыдас бермеді. Біз ойлағаннан да судың деңгейі жоғары болды.