Атыраудың Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккендерге төлем беріліп жатыр
Тасқыннан зардап шеккен жылыойлықтарға біржолғы әлеуметтік төлем беріле бастады.
Кеше 200-ден аса тұрғын алса, бүгін мыңнан аса тұрғынға 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаражат төленеді. Жалпы Құлсары қаласында 2860 тұрғын үй мен 70-тен аса кәсіпкерлік нысанды су басқан. Қазір қаланы судан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ал келген шығын көлемін есептейтін арнайы комиссия жуырда жұмысын бастайды.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
- Комиссия құрылды. Әр аймақтан, әр ықшамаудандардан белсенді азаматтарды комиссияға кіргіздік. Комиссия жұмысын бастайды. Бүгін мердігер мекеме келеді. Келіссөздер жүріп болғаннан кейін жұмыстарына дереу кіріседі. Бізде қазір судан арылған үйлер бар. Сол учаскелерден жұмыстарын бастайтын болады.