Қарағанды облысының тұрғындары тарихи ескерткіштер маңын тазалады
Күн жылынысымен Қарағанды облысының тұрғындары тарихи ескерткішткердің маңын тазалауға кірісті.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясының екінші аптасына 37 мыңнан астам облыс тұрғыны тартылған. Біразы Қарқаралы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерінің аумағын тазарту және абаттандыруға жұмылды. Қарқаралы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері бүгін Құнанбай қажы мешітінің маңайын сырлап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, Қарқаралының үш тарихи ескерткіші Қазақстанның 100 киелі мекенінің тізіміне енген. Соның бірі - Құнанбай мешіті, екіншісі - Арқалықтағы Тәттімбет мешіті болса, тағы бірі - Шанышқылы Бердіқожа кесенесі.