Шымкенттік құтқарушылар Атырау облысына көмектесіп жатыр
Шымкенттік құтқарушылар Атырау облысының халқына көмектесіп жатыр.
Құтқару бригадасының құрамында 47 адам бар. Олар 6 арнайы техника және 15 мотопомпа ала барды. Екі топқа бөлініп, Құлсары қаласы мен Алмалы елді мекенінде су сору және бөгеттерді нығайту жұмысына жәрдем беруде. Шымкент қаласының өзінде де тасқынның алдын алу бойынша арнайы штаб құрылған. Төле би және Қазығұрт аудандарында тауда жауған нөсерден су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондықтан мамандар суды бұру үшін, қосымша арна қазу туралы шешім қабылдады.
Ирисмат Махмудов, облыстық ТЖД бөлім бастығы:
- Жалпы Шымкент қаласынан 86 жеке құрам, 11 бірлік техника, 30 бірлік мотопомпа, 3 бірлік қайық жолданды. Шымкент қаласында тәулік бойы шұғыл штаб жұмыс жасауда. Департамент қызметкерлері күшейтілген түрге ауысқан.