Мемлекеттік тілдегі контенттің үлесі артады
Келер жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле, радиобағдарламалардың үлесі 55%, ал 2027 жылдан бастап 60%-ға жетеді.
Қазір отандық медиакеңістіктегі қазақ тілді контенттің үлесі 50%-ды құрайды. Ал апта сайынғы хабар тарату барысында шетелдік теле-радио хабарларды ретрансляциялау көлемі 20%-дан 10%-ға дейін қысқарады. Жарияланған күнінен 1 жылдан асқан материалдар мерзімі ескірген болып есептеледі. Бүгін Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады. Жаңа құжат саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Журналистердің мәртебесін арттыру, құқықтарын нығайту көзделіп отыр. Ал қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылады.
Қанат Ысқақов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
- Журналистердің мәртебесі бекітілді, әсіресе ерекше жағдайларда жұмыс жасайтын кезде оларды сақтандыру. Екінші мәселе ол мерзімі шектелді бір жылға. Жалпы бұл біздің заңнамада болмаған нәрсе. Үшінші бағыт ол біздің ақпараттық кеңістігімізді дамыту және ақпараттық егемендігімізді бекіту. Келесі бағыт мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру мәселесі, гранттық қаржыландыру.